Бойжеткен құрылысы аяқталмаған ғимараттың басына шығып алып, секірмек болған
Таразда өз-өзіне қол жұмсамақ болған қыз құтқарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылар хабарлағандай, 2019 жылдың 15 сәуірінде сағат 17.00 кезінде Жамбыл облысы Полиция департаментінің жедел кезекшісі Тараздағы «Бокс сарайы» спорт кешенінің жанында, Королева көшесінде құрылысы аяқталмаған ғимараттың жоғарғы қабатынан жас қыздың секіргелі тұрғаны туралы хабар берген.
Оқиға орнына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімінің қызметкерлері мен арнайы техника жіберілді: 19 адам және 5 техника, оның ішінде психолог та бар.
Ғимарат жанына шұғыл жеткен жеке құрам бірден құтқару қалқасын орнатыпты. №1 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі әрі құтқарушы, азаматтық қорғаныс сержанты Азамат Көпбосынов бес қабат биіктікке автобаспалдақпен көтерілді. Ол өз өмірін тәуекел етіп, суицид жасмақ болған жас қызды құтқарып қалған.
Посмотреть эту публикацию в InstagramПубликация от QR IIM ТJ komıtetі (@tjk_kchsmvdrk)15 Апр 2019 в 11:29 PDT