Оқиға кеше Дулати мен Набережная көшесінде болған
Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасаған камаздың жүргізуші көз жұмды. Ақпаратты қалалық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оқиға кеше Дулати мен Набережная көшесінде болған. Жүк көлігі автокөліктермен соқтығысып, аялдама мен бағананы, сосын сол жердегі таунхаустардың бірінің қақпасына барып соғылған. Рөлде болған 47 жастағы камаз жүргізушісі машина жүріп бара жатқанда кабинадан секіріп кеткен. Соған қарағанда көліктің тежегіші істен шықса керек. Ал қалалық полиция департаментінің мәліметінше апаттың неден болғаны тиісті сfраптама қорытындысы нәтижесінен кейін нақты айтылады.