Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты
Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен екі бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтты.
«Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. Полиция департаментіне мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым», – деп жазды қала әкімі twitter парақшасында.
Қайғылы жағдай Наурызбай ауданы, Шұғыла ықшамауданындағы Премьера тұрғын үй кешенінде орналасқан 14 қабатты үйде болды.
Наурызбай ауданында 3 пен 5 жастағы балалардың қазасына байланысты ата-аналарына көңіл айтамын. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл жазатайым болған оқиға. ЖП-ға мән-жайды анықтап, объективті тергеу жүргізу тапсырылды. Жағдайды жеке бақылауыма алдым.
— Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev_b) September 3, 2021