Семейде екі адамды көлігімен қағып, ізін суытқан жүргізуші Елорда тұрғыны болып шықты

11.06.2020 21:57

Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды

открытые источники

Семей қаласында екі адамды көлігімен қағып, ізін суытқан жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Полиция қызметкерлері 11 маусымда түнгі сағат 01.45-те Селевин көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағында екі адамды қаққан жүргізушіні анықтап, қолға түсірді. Зардап шеккендердің бірі қаза болды, екіншісіне амбулаториялық ем тағайындалды.

«Оқиға орнынан із суытқан жүргізуші Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта 37 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды», – дейді ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптама тағайындалған. Жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.