Көкшетауда құрылысшы 5-қабаттан құлап кетті

02.12.2021 21:58

Ер адам «жабық ми жарақаты» диагнозымен ауруханаға түсті

inform.kz

Ақмола облысында еңбекті қорғау ережелерін бұзу оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 30 қарашада Көкшетау қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының 34 жастағы тұрғыны облыстық ауруханаға жеткізілгені туралы хабар түсті. 

«Ер адам «жабық ми жарақаты, сол жақтағы 6-шы қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түсті. Жедел-тергеу тобы оның 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан көп пәтерлі тұрғын үйдің 5-қабатынан құлағанын анықтады. Осы жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 156-шы бабының 1-ші бөлігі «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Тексеру жүргізіледі», – делінген хабарламада.

Дереккөз: inform.kz