Ақтөбеде бір-біріне жапсарлас салынған екі үй өртеніп кетті

Ақтөбеде бір-біріне жапсарлас салынған екі үй өртеніп кетті
Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе қаласында бір-біріне жапсарлас салынған екі үй өртеніп кетті. Бірінің үйінде жөндеу жұмыстарына жинаған 450 мың теңге ақшасы күлге айналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе қаласы Қостанай көшесінде 24 сәуір күні сағат 11:33-те үй өртенді. Алдымен жеке үйден өрт шығып, кейін жапсарлас орналасқан үй мен дүкен жанды. Өрт 12:25-те сөндірілді. Ақтөбе облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 59 жастағы әйелдің екі қолын күйік шалды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

«Өрттің шығу себебі әлі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге 4 техника мен 16 қызметкер жұмылдырылды. Жалпы аумағы - 145 шарты метр», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

«Көршімізден өрт шығып, қызыл жалын біздің үйді шарпыды. Қазір далада қалдық. Киер киім, ішер тамағамыз жоқ. Үй жөндеуге деп жинаған 450 мың теңге ақшам да жанып кетті. Негізі бұл үйде газ атылып, өрт тез тарады. Үйден ештеңе алып үлгермедік», - деді үйдің бірінің иесі Кенжеболат Құрманалин.


Новости партнеров