Алматыда жолайрыққа бұрылатын жолдар түнде жабылады

23.07.2024 21:59

Басқа көшелер арқылы айналып өтуге болады

elements.envato.com

Рысқұлов-Күдерин жолайырығының аумағы орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

24 шілдеде сағат 23:00-ден 25 шілдеде сағат 6:00-ге дейін Рысқұлов даңғылының оңтүстік жағындағы бұрылысқа қарай қозғалыс жабылады.

Соқпақбаев, Сусанин, Крылов және Сахалинская көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.