Соттың үкімімен 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды
Алматыда 6 миллиард теңгеге жалған шот-фактура толтырған бір топ азамат сотталды. Бұл туралы, Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тергеу барысында, 3 алматылықтың материалдық сыйақы алу үшін заңсыз есептік құжаттарды шығарғаны анықталды. Қылмыскерлер 2017-інші жылдан бері, 2 жыл көлемінде салық төлеуден жалтару мақсатында, өздеріне тиесілі 7 компания арқылы басқа коммерциялық ұйымдармен тек жалған құжат жүзінде сауда-саттық жасаған.
Осылайша, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірген айыпталушылар, Түрксіб аудандық сотының үкімімен 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды.