Ақтауда құбырдан ер адамның өлі денесі табылды

05.02.2020 22:00

Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері табылған жоқ

city04.kz

Ақтау қаласының 11а шағын ауданында ер адамның денесі құбырдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиғаны МО Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Аталған дерек бойынша, сот-медицина сараптама тағайындалған.

«Мәйіттен қандай да бір зорлық белгілері табылған жоқ. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді баспасөз қызметі.