ШҚО-да 40 гектарға жайылған дала өрті сөндірілді

22.08.2021 в 22:15

Өртке оранған орман аумағы анықталып жатыр

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы Малиногорск ауылдық округінде 40 гектарға жайылған тілсіз жау сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 06.15 шамасында өрт сөндірушілер, орманшылар мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлері Малиногорск ауылдық округінде шыққан дала өртін өшірді. 

«Қызыл жалынның жалпы ауданы 40 шаршы метрді құраған. Өртке оранған орман аумағы анықталып жатыр», деп хабарлады ведомство өкілдері.