Қостанай облысында төтенше жағдай жарияланды

04.09.2022 22:02

1 800 адам эвакуацияланды

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Бүгінгі күні Қостанай облысы бойынша жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жарияланды. Облыс әкімдігінің резервінен зардап шеккендерге көмек көрсетілді. Бұл – ең алдымен, жатын орын және тамақтану. 1 800 адам эвакуацияланды. Мектептерге 200-ге жуық адам орналастырылды. Көбісі қауіпсіздігін тексеріп өз үйлеріне оралды, қалғандары туыстарын паналады», - деп мәлім етті Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.