Зерендіде қыз баланы жел айдап әкеткен

25.07.2020 22:02

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында 93 адам, оның ішінде 20 бала құтқарылды

ural-meridian.ru

Құтқарушылар суға шомылу маусымының басынан бері 71 адамды құтқарғандарын айтты деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі IIM ТЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс ТЖК-ның ерекше бақылауында.
Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, ТЖК алдын алу жұмыстарын жүргізеді, күн сайын азаматтық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер және патрульдеу жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің су айдындарында 93 адам, оның ішінде 20 бала құтқарылды.

Ал суға шомылу маусымы басталғаннан бері (1 маусымнан бастап) 71 адам, оның ішінде 12 бала құтқарылды.

Ақмола құтқарушылары бір күнде облыстың көлдерінде сегіз адамды құтқарды.
Кеше Зеренді, Бурабай аудандары мен Көкшетау қаласының көлдерінде сегіз адам құтқарылды.

Мәселен, Көкшетау қаласында 2002 жылы туған жігіт автокөлік камерасымен жағадан алыс жүзіп кетіп, өз бетінше қайтып келе алмады. Бурабай ауданында төрт адам қайықпен «Бурабай» көлінің ортасында жүзіп жүргенде, қайық тесіліп, оған су тола бастаған. Абырой болғанда, құтқарушылар адамдарды құтқаруға үлгерді.
Сол күні Щучье көлінде құтқарушылар жағадан алыс жүзіп кеткен екі қызды құтқарды. Ал, Зерендіде қыз баланы матрасымен бірге жел айдап әкеткен. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ІІМ ТЖ комитеті азаматтарды су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын сақтауға шақырады.