Оқиға 12 қыркүйекте тіркелген
Алматыда ер адам көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицияның хабарлауынша, өз-өзіне қол жұмсамақ болған азамат Павлодар қаласының тұрғыны екен. Оқиға Райымбек пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алды. Автокөлік жолына секірген мас адамды Медициналық бригада бірден ауруханаға жеткізді. Абырой болғанда, жәбірленуші аман. Айта кету керек, бұл спирттің буымен жасалған жалғыз өрескел қылық емес. Нұр-сұлтан қаласында екі бірдей мас адам биік көпірге өрмелеп, ел-жұрттың зәресін алды. Абырой болғанда, оқиға орнына шапшаң жеткен полицейлер, тәртіп бұзушыларды аман-есен құтқарып алды. Енді оларға айыппұл төлеуге тура келеді.