Өлім дерегі бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр
Алматы облысында мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кербұлақ ауданындағы білім ошақтарының бірінде 4-сынып тәлімгері үзіліс кезінде құлап, жедел жәрдем келгенше көз жұмған. Дәрігерлер шақыртуға 7 минутта жетіпті. Баланың денесінде жарақат жоқ. Өлім дерегі бойынша полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«Баланың не үшін қайтыс болғанын анықтау мақсатында сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Сонымен қатар, Ішкі істер органдары тарапынан жұмыс жүргізілуде. Баланың бұған дейін ауырған-ауырмағаны қазір толығымен зерттеледі. Өйткені, үзіліс кезінде баланың аяқ астынан ұстамасы ұстап, одан кейін 7 минуттың ішінде қайтыс болғаны бізді де алаңдатып отыр», – деді Алматы облысы әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат ЖҮКЕЛ.