Зардап шеккендер жоқ
«АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
2022 жылдың 26 қарашасында №3 әзірлемелерді үздіксіз құю машинасының (ӘҮҚМ) болат шөміш қақпасына метал төгілен.
«Технологиялық персонал төтенше жағдайда қажетті барлық процедураларды орындады. Металл арнайы шұңқырға құйылды. Конвертер цехы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ӘҮҚМ-3-ті сынақтан өткізу және іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның баспасөз қызметінен.
Компания өкілдерінің айтуынша, апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.