Қытайда ғимарат опырыла құлап, 4 адамды басып қалды
ҚазАқпарат
Барлық жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Харбин қаласында кеңсе ғимараты опырыла құлап, салдарынан төрт адам қаза тапты және жетеуі жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, төтенше жағдай жергілікті уақытпен жексенбі күні сағат 15:10-да кеңсе шатырына жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанда болған. 11 адам үйінді астында қалып қойған, оның жетеуі құтқарылды. Барлық жарақат алғандар ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, тергеу жүріп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
05.10.2026 12:35