Теміртауда бір топ адам автобустағы мас әйелді соққыға жыққан – ПД пікір білдірді

Фото: скриншот видео
Фото: скриншот видео
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде бірнеше ер адамның әйелді соққыға жыққан видеосы тарап жатыр. Кадрлардан зардап шеккен әйелдің автобус жолаушысы екені анық көрінеді. Ол Қарағанды – Теміртау бағытындағы қоғамдық көлікке отырған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі. 

Бейнежазбадан байқағанымыздай, бірнеше азамат әйелді әуелі итеріп жіберіп, кейіннен тепкінің астына алған. Ал жанжалға қатысты түсініктеме берген Қарағанды облыстық Полиция департаменті өкілдері қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 293-бабына сәйкес «Бұзақылық» фактісі бойынша іс қозғалғанын мәлімедеді.

«Полиция қызметкерлерімен осы қоғамдық көліктің 41 жастағы жүргізушісі және 25 жастағы кондукторы полиция бөліміне жеткізілді. Кондуктордың айтуына қарағанда, жәбірленуші азаматша қоғамдық көлікке ішімдік ішкен күйінде отырып, маңайындағыларға балағат сөздер айтқан. Ал оны кімнің далаға шығарып жібергенін кондуктор айта алмады», – деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдыяров.


Новости партнеров