Жалпы, зардап шеккендер саны – 69, оның 9-ы – бала
Бүгінде Алматы қаласының стационарларында 27 пациент бар, оның ішінде 7-і бала. Жансақтау бөлімінде 1 адам, атап айтқанда Алматы көпбейіндік клиникалық ауруханасында жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Барлық зардап шеккендердің, соның ішінде оңтүстік астанада жан сақтау бөлімінде жатқан адамдардың жай-күйі тұрақты, бір қалыпты жақсаруы байқалады.
Әуе апатынан зардап шеккен 3 адам одан әрі ем алу үшін санитариялық авиация арқылы Нұр-Сұлтан қаласының Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына тасымалданды.
Жалпы алғанда, дәрігерлер 22 операциялық араласу жүргізді. Барлық жүргізілген операциялар сәтті өтті.
Оның ішінде 2 балаға Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының травматологтары жоғары технологиялық заманауи емдеу әдістерін қолдана отырып, кесусіз, атап айтқанда «Оң сан сүйегінің иілгіш өзекшелерімен остеосинтезі» операцияларын жасады.
Мұндай операцияның артықшылығы – дене аз жарақаттанады және сынған аяқ-қол жедел емдеуден соң бірнеше күннен кейін-ақ тез қалпына келеді.
Естеріңізге сала кетейік, әуе апатының нәтижесінде зардап шеккендер саны 69 адамға жетті, оның ішінде 9-ы бала.
Қазіргі уақытта, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының стационарларында және Алматы қалалық көпбейінді клиникалық ауруханада 30 адам жатыр