Жетісу облысында ауылдарды су басты: тұрғындарды құтқару қалай жүргізіліп жатыр

ТЖМ/видео кадры
ТЖМ/видео кадры
Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Құтқарушылар Жетісу облысындағы су басқан ауылдардан адамдарды эвакуациялау сәтін көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Ескелді ауданының су басқан елдімекендерінде 22 құтқарушыдан тұратын Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жұмыс істеп жатыр, олар жүзу құралдарынан бөлек арнайы техникамен жабдықталған.

"Қазіргі уақытта инженерлік жұмыстар, адамдарды ішінара эвакуациялау және су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар қолдан келгенше көмек көрсетіп азаматтарды су басқан аулалардан шығарып жатыр делінген ТЖМ мәліметінде.

Қарабұлақ ауылында (2 шақырымда) 30 тұрғынды эвакуациялау жүргізілген. Үйлер мен су басқан аумақтардың саны анықталып жатыр. Ескелді ауданының Абай ауылында 20-ға жуық аула аумағы су астында қалды. Көксу ауданы Мәмбет ауылында 5 аула аумағы су астында қалды.

Ауылдарда ЖАО күшімен жаңбыр суын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Елдімекендер тау бөктеріне жақын орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін Жетісу облысында толассыз жауған жаңбырдан кейін Ескелді ауданы Ешкіөлмес және Абай ауылдарын су басқаны хабарланған болатын. Оқиға орнына облыстық ТЖД күштері жұмылдырылған. Су басқан аумақтардан тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізіліп жатыр. Талдықорған қаласынан қосымша күштер жіберілгені айтылды. Зардап шеккендер жоқ.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар түсіріп алған сурет, видеолар тарады. Кадрлардан көліктердің суға батып, көшелерді толықтай су басқаны көрінеді.

Оқи отырыңыз: МАЭК-те апат: бірқатар елдімекен жарықсыз қалды

Новости партнеров