Алматыда жолаушы ұшақ бортына тапаншамен кірмек болған

19.02.2019 22:06

Суық қару тәркіленіп, жолаушының өзі полицияға тапсырылды

фото из открытых источников

Алматыда ұшақ бортына 19 жастағы жолаушы пневматикалық тапаншамен кірген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Астанаға бағыт алған жолаушыда тыйым салынған заттардың барын әуежайда авиациялық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері тексеріс кезінде анықтапты. Жолаушының қол жүгінде 4,5 милиметрлі «Макаров» тапаншасын бар екенін белгілі болады. Суық қару тәркіленіп, жолаушының өзі полицияға тапсырылды. Қазір оның қаруды ұшақ бортына не мақсатта алып кіргені тексеріліп жатыр.