18 жасар қызды автобус қағып кетті

10.03.2021 в 22:07

Полиция департаменті өкілдері оқыс оқиға 9 наурызда 8.30-да болғанын айтты

Almaty.tv / стоп-кадр


Алматыда автобус жүргізушісі жолдан өтпек болған 18 жастағы қызды қағып кетті. Оқыс оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бейнекадрда жол шетінде тұрған бойжеткеннің жолға жүгіріп шыққаны түсіп қалған. Сол сәтте қоғамдық көлікті тізгіндеген азамат тежегішті басып үлгермей, қызды қағып кеткен. Дене жарақаттарын алған азаматша облыстық ауруханаға жеткізілді.

«Аталмыш жол көлік оқиғасы 9 наурызда таңғы 8 жарымдар шамасында Жетісу ауданында орын алды. «Лиаз» маркілі автобусты тізгіндеген ер азамат Жангелдин көшесімен солтүстікке қарай бет алып бара жатып, Песковского көшесінің қиылысында 2003  жылы туылған Х. есімді азаматты қағып кетеді. Бұл жаяу жүргінші жолды тиісті емес жерде өткен. Аталмыш дерек қазіргі таңда Жетісу аудандық полиция басқармасында тергелуде», – деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.