Шығыс Қазақстанда ер кісі өз қызын зорлап, асылып өлді

30.10.2019 15:50

Тергеу шаралары жалғасуда

Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха ауданында жаға ұстатарлық оқиға болды, деп хабарлайды Zakon.kz YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Полицияға хабарласқан әйел өзімен бірге тұратын еркектің мас күйде кәмелетке толмаған қызымен жыныстық қатынасқа түскенін айтты», - деп хабарлады ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 4-б. бойынша басталған сотқа дейінгі тергеу барысында 29 жастағы күдіктіге іздеу салынды.

«Күдіктінің денесі табылды. Ол асылып өлгенге ұқсайды», - деп толықтырды полиция департаменті.

Тергеу шаралары жалғасуда. Сараптамалар тағайындалды.