Ақмола және Қарағанды облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты тасжолдар жабылғаны хабарланды. Қазақстанның екі облысында боран соғып тұр. Осыған байланысты бірнеше тасжол жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап,
«ҚазАвтожол» ұлттық компаниясының ресми сайтында тасжолдарда көлік қозғалысын шектеу және толығымен жабуға қатысты шұғыл ақпарат жарияланып тұрады. Оған сәйкес, дәл қазір "Нұр-Сұлтан - Шидерті", "Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр (ары қарай Қарағанды облысының шекарасына дейінгі жол учаскесі)", "Нұр-Сұлтан - Теміртау" және "Нұр-Сұлтан-Қорғалжын" тасжолдары жабық.
Бұдан бөлек, Сәтбаев қаласынан бастап Қостанай облысының шекарасына дейінгі жол, сондай-ақ, "Жезқазған - Атасу" мен Талап ауылынан бастап Қызылорда қаласына дейінгі жол учаскесі толығымен жабылды. Жолдардың жабылуына қатысты толық ақпаратты мына жерден көруге болады. Сондай-ақ, компанияның байланыс орталығына (1403) хабарласып, қажетті мәлімет алуға мүмкіндік бар.