Блок-бекетте қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі

27.05.2020 22:25

Бақытжан Сағынтаев көз жұмған полиция қызметкерлерінің отбасына көңіл айтты

Фото: Polisia.kz

Блок-бекетте болған апат салдарынан көз жұмған полицейлердің отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн өткізген баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды  Almaty.tv.

Ол мерт болған тәртіп сақшыларының жанұясына көңіл айтып, қолдау көресететін жеткізді. Мегаполис басшысы «Екі бірдей арыстай азаматымыздың отбасына қайғыларына ортақпыз дегім келеді. Шет қалмадық. Жұмыс жасадық. Біздің кәсіпкерлеріміздің қолдауымен екі полицейдің отбасына пәтер беріледі. Сондай-ақ, туыстары айтатын барлық мәселеге жан-жақты қаржылай көмек көрсетеміз», – деді.