Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жеңіл көліктің жүргізушісі жолдан бұрылмақ болған ат жегілген шананы соғып, ауыл тұрғыны сол жерде қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 25 желтоқсан күні Есіл ауданы аумағында болған. «Жезқазған-Петропавл» республикалық автожолының 840 шақырымында, Николаевка елдімекеніне 5 км жетпей Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісі ат жегілген шанаға соғылды. Ат-шананың иесі жаяу қасында келе жатқан. Қатты соққыдан ауыл тұрғыны, 61 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты.
Медициналық куәландыру Chevrolet Nexia автокөлігінің жүргізушісінің спирттік ішімдік ішпегенін көрсетті.
Жол-көлік оқиғасы ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сотқа дейінгі тергеу аясында полицейлер жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр. Бірқатар қажетті сараптама тағайындалды. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.