Алматы облысында бақшасында марихуана өсірген күдікті ұсталды

05.06.2020 22:12

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірудің 10 дерегі анықталған

Алматы облысында бақшасында марихуана өсірген күдікті ұсталды
Polisia.Kz

Текелі қаласының 50 жастағы тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысқан, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында жалға алған үйінің бақшасында марихуанаға ұқсас өсімдікті өсірген 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Күдіктіден 68 түп марихуана тәркіленді. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 300-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлайды Текелі қаласы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Рүстем Меркулов.

Жыл басынан бері облыс аумағында есірткі өсімдіктерін заңсыз өсірудің 10 дерегі анықталған. Ал тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 100 килограмнан астам.