Мектептегі жанжал: Өскеменде еден жуушы әйел қайтыс болды

zhanaqorgan-tynysy.kz
zhanaqorgan-tynysy.kz
Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Өскемен қаласында 25-орта мектепте қайғылы жағдай болды. Оқу ісінің меңгерушісімен ұрысып қалған еден жуушы кабинеттің алдында қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, 15 қыркүйекте мектепте еден жуатын әйел мен оқу ісінің меңгерушісі жанжалдасып қалған. Осыдан кейін тазалыққа жауапты келіншек таблетка ішкен-міс. Артынан жағдайы нашарлап, меңгеруші отыратын кабинеттің алдында жан тапсырды дейді.

Шығыс Қазақстан облысы полиция депаратменті қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қылмыстық кодекстің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеу шараларының басталғанын да хабарлады. Алайда күні кеше қылмыс басқа бапқа ауыстырылды.

"Іс ауыстырылды. 105-бапты алып тастады. Қайтыс болған әйелде гипертония болған, жүрегі де ауырды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде істің мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары қолға алынды.

Новости партнеров