Оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді
Алматыда полицейлер қаза тапқан блок-бекетте болған жол-көлік оқиғасын тергеу ІІМ-не жіберілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаев мәлімдеді.
«Аталған жол-көлік оқиғасын тергеуді Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаменті жүргізеді, министр бақылауға алды. Іс министрлікке берілді және тергеу жүргізіледі», - деді Күдебаев Instagram желісінде өткен тікелей эфир барысында.
Еске салсақ, 25 мамырда таңғы сағат 5 жарымда 1992-ші жылы туған ер адам BMW маркалы көлігімен мас күйінде блок-бекеттегі полиция көлігін соғып, оқиға орнында екі полиция қызметкері қайтыс болып, біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілген еді.