Қостанайда жоғалып кеткен 8 жасар баланың денесі табылды

21.06.2020 22:14

20 маусымыда Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған

открытые источники

Қостанай облысында жоғалып кеткен 2011 жылғы жеткіншектің денесі судан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Департамент дерегіне сүйенсек, осы жылдың 20 маусымыда  Федоров ауданында 8 жасар бала үйінен шығып, оралмаған.

«ТЖД құтқарушылары баланың денесін судан шығарды. Жазғы маусымда ата-аналарды балаларын жалғыз қалдырмауға шақырамыз. Суға шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтаңыздар», – дейді ведомоствоның баспасөз қызметіндегілер.