Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр
Таразда көпқабатты үйден өрт шығып, 5 адам құтқарылды. Олардың төртеуі бала. Оқиға кешкі сағат 20:00 шамасында тоғызыншы мөлтек ауданда болған, деп хабарлайды Almaty.tv
Бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан шыққан қызыл жалын 25 шаршы метр жерді шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге көшірген. Олардың 10-ы бала. Тілсіз жау күшейіп кеткендіктен 5 адам арнайы сатымен түсірілді. Жарақат алған алтауына медициналық көмек көрсетілген. Ал денесін күйік шалған екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. Өрттің неден шыққаны анықталуда.
«Өрт сөндіруге екі қол оқпаны беріліп, 20 сағат 7 минутта өрт сөндірілді. Оттықты абайсызда қолдану, темекі шеккеннен ба деп болжап отырмыз. Қазір лаборатория жұмыс істеп жатыр», − деді қалалық ТЖД өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі басшысының орынбасары Әлібек Әбсатов.