Павлодарда оқушы пышақ жарақатымен жансақтау бөліміне түсті

27.11.2019 в 22:16

Оны сыныптасы пышақтап тастаған

Павлодарда мектеп оқушылары төбелесіп қалып, нәтижесінде біреуі пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облыстық Полиция департаментінің басшысының сөзіне қарағанда, екі оқушы жаға жыртысып қалған. Біреуі төбелес кезінде пышақ шығарған. Нәтижесінде 2004 жылы туған жасөспірім облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Екеуі ерегісіп қалған. Пышақтың қайдан шыққанын анықтаймыз. Бопсалау факті әзірге анықталған жоқ. Тергеу жүргізіледі", – деді Павлодар облысы ПД басшысы Нұрлан Максимов.

Құқық қорғау органының мәліметінше, оқиға қатысушылары тәртібі нашар оқушылар қатарына жатпаған. Екеуі де мектеп инспекторының есебінде тұрмаған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен жасөспірімнің жағдайы тұрақты. Ол әлі де жансақтау бөлімінде жатыр.

Жеткіншектердің төбелесіне қатысыты «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған қылмыс бойынша сот санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынтан айыру жазасын қарастырады.