Көпшіліктің көзінше әйелді оңдырмай сабаған ер адам жазаға тартылмауы мүмкін
Тал түсте көше бойында қыз баланы соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтау қаласында көпшіліктің көзінше әйелді оңдырмай сабаған ер адам жазаға тартылмауы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тал түсте көше бойында қыз баланы соққыға жыққан видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Жанжалдасқан екеуге араша түскендер де болыпты. Ал, жергілікті полиция департаменті мен жедел-жәрдем қызметіне сол күні ешқандай шақырту келмеген. Десе де, тәртіп сақшылары шу болған видеодағы кейіпкерлерді анықтады. Олар бір-бірін жақсы танитын, тіпті бір шаңырақ астында тұратын азаматтар екен. Полицейлер профилактикалық әңгіме жүргізгеннен кейін, оларды татуластырып, үйлеріне қайтарды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10