Алматы облысында көпірден құлап кеткен альпинист әйелдің денесі табылды

10.07.2022 22:18

Тұрғындардың сөзінше, қайғылы жағдайға қауіпті көпір себеп болуы мүмкін

ашық дереккөзден

Алматы облысының Талғар өзенінде көпірден құлап, ажал құшқан 40 жастағы альпинист әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, келіншек ағаш көпірден өту кезінде тепе-теңдігін жоғалтқан. Артынша өзенге құлап, оны ағын алып кеткен. Бірнеше күн бұрын сегіз адамнан тұрған альпинистер тобы бекетті айналып өтіп, «Маралсай» демалыс базасының жанындағы тауға шыққан. Келіншектің көпірден құлап кеткенін құтқарушыларға солар хабарлаған.

Полицейлер, құтқарушылар және қорықтың қызметкерлері оны іздеуге шыққан. Жер экскаватормен тазартылған соң құлаған аумақтан 10 шақырым жерде жоғалып кеткен әйелдің денесі табылып, судан шығарылды. Тұрғындардың сөзінше, қайғылы жағдайға қауіпті көпір себеп болуы мүмкін.

Теги: Әйел