Алматыда жүкті әйел жол апатына түсті

30.05.2019 22:18

Түрлі жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді

Алматыда автобус пен Kia Cerato маркалы автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Автобус пен жеңіл көлік Назарбаев даңғылының бойында оңтүстік бағытта келе жатқан. Kia жүргізушісі екінші қатардан оңға бұрылып, аулаға кірмекші болған екен. Алайда автобус жүргізушісі жол беріп үлгермей, автокөлікпен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан автобуста отырған жүкті әйел зардап шекті. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Жол апатының мән-жайы анықталуда.