Алматыдан 516 шақырым қашықтықта жер сілкінді

06.01.2024 22:18

Жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеді

Almaty TV

6 қаңтарда  Алматы уақытымен түскі 14:26 кезінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі СТӘЭ желісіне сілтеме жасап.

Бұл жағдайды сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Тербеліс ошағы Алматы қаласынан солтүстікке қарай 516 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты — 9.1.

MPV магнитудасы — 4.3.

Тереңдігі — 15 шақырым.

«MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілген жоқ», — делінген кезекші оператордың хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Абай болыңыз: ТЖМ қазақстандықтарға ескерту жасады