Қазақстанда таулы аймақ тұрғындарына ескерту жасалды

31.03.2022 в 22:19

Еліміздің таулы аймағын мекендейтін тұрғындар үшін төтенше жағдайлар министрі ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Соңғы уақытта еліміз бойынша таулы аймақтарда қалың қардың жаууы байқалады. Атап айтқанда, Түркістан, Жамбыл және Алматы облысына қатысты. Аталған өңірлерде қар көшкіні болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарға сақ болу керектігін алдын ала ескертеміз. Осы орайда таулы аймақ тұрғындарын демалыс күндері тауға сапардан уақытша бас тартауын сұраймыз», - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында. 

Министрдің айтуынша, таулы аймақ тұрғындары үшін жергілікті орган тарапынан уақытылы хабар жеткізіледі. Одан бөлек, Ю. Ильин су тасқынының алдын алу мақсатында көрші елдермен бірлескен жұмыстың қолға алынғанын айтты. 

«Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елімен шекаралас өзендердегі су тасқыны жағдайы туралы деректермен өзара алмасу мәселесі қаралды. Жалпы ел өңірлеріндегі су тасқынына дайындық мәселесі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Үкімет отырыстарында қаралды», - дейді ол.