Алматыда жантүршігерлік жол апатын жасап, 3 адамды өлім құштырған Гелендваген жүргізушісінің ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін қалалық прокуратура 34 жастағы күдікті Ильияс Кардың ісін тергеуді аяқтап, істі сот өндірісіне өткізді.
Күдіктіге Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша айып тағылып отыр. Ол жол ережесін өрескел бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамды өлтіргені үшін жаза арқаламақ. Сондай-ақ, айыпты Кар апаттан соң көлігін тастап, қашып кеткені үшін де заң алдында жауап береді.
Естеріңізге салсақ, жантүршігерлік жол апаты 29 желтоқсанда Абай мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орын алған. Гелендваген көлігінің тізгінші жол ережесін өрескел бұзып, «Митсубиси» маркалы темір тұлпарды бүйірінен соққан болатын. Салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы сол жерде тіл тартпай кеткен еді. Ал апаттан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева қазір ауруханада емделуде.