ТЖ кезінде алаяқтардан сақ болған жөн

20.03.2020 22:20

Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

inform.kz

Қазақстандықтар коронавирустан ғана емес алаяқтардан да сақ болған жөн, деп хабарлады Almaty.tv.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласындағы банктер онлайн қызметке ауысуына орай, қаржы алаяқтары көбеюі мүмкін. Мұны Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді.

Аляқтар, ең алдымен төлем картасының құпия кодын сұрайды. Алайда, азаматтар жасырын ақпараттарды ешкімге айтпау керек және интернет сайттардың жалған еместігін анықтап, тауар жеткізілген соң ғана төлем жасау қажет. Егер, сол ұйымның парақшасы жалған екендігіне күмәндансаңыз, бірден ресми органға хабар беріңіз.