ШҚО-да жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды

17.04.2019 22:21

12 сәуір күні Михаилдің мәйті өзін жағасынан табылған

Қазан айында із-түзсіз жоғалып кеткен Михаил Скоснягиннің өзен жағасынан денесі табылды, деп жазады  YK-news.kz.

Михаил жоғалып кетердің алдында жалақысын алып, жылқысына мініп, көрші ауылға кеткен. Бірнеше уақыттан кейін оның аты үйіне келген. Өзі сол күйі оралмаған.

Марқұмның әпкесі сол күні інісінің дүкенге бірнеше рет барып, спирттік ішімдік алғанын айтады.

12 сәуір күні марқұмның мәйті өзін жағасынан табылған.

Алтай аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Рустам Надыров Михаилдің денесінде ешқандай зорлық белгілері болмағанын айтады. Қалтасынан ұялы телефон мен 12 мың теңге табылған.

Айта кетейік, Алтай ауданы Ново-Крестьянка ауылының тұрғыны Михаил Скоснягин 2018 жылдың 28 қазанында жоғалып кеткен болатын.