Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады

17.01.2019 22:21

Алматыда шипажай аумағына тікұшақ құлады. Төтенше жағдайлар комитеті өкілдерінің мәліметінше оқиға түскі сағат төрт шамасында Наурызбай ауданы Таусамалы ықшамауданында болған.

Ал азаматтық авиация комитетінің ақпаратынша «Алатау» шипажайының аумағына құлаған тікұшақ «Sky Service» әуекомпаниясына тиесілі. «Еврокоптер-130» маркалы жекеменшік тікұшақ Боралдайдағы аэродромнан ұшып шығып, Үлкен Алматы көліне бағыт алған. Бортта болған 1968 жылғы ұшқыш Валентин Шитов жедел жәрдем көлігінде қайтыс болып кетті. Ағашқа соғылып, күл талқаны шыққан ұшақтың апатқа ұшырау себебі әзірге белгісіз.