|
17.07.2020 | 17:22
1220

Алматы облысында полковник пара алып жатқан жерінде ұсталды

Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты

Алматы облысында полковник пара алып жатқан жерінде ұсталды  inform.kz

Алматы облысындағы №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысы пара алу және пара беруге делдал болу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі №03825 әскери бөлімшесінің командирі мен осы бөлімшенің бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады»,  деді ол агенттіктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында. 

Оның атап өтуінше, әскери бөлімшенің командирі келісімшарт бойынша әскери қызметшіден тәртіптік жазаны алып тастау үшін пара алған, ал бөлім басшысы аталған факт бойынша пара беруге делдал болған. 

«ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды», – деді Қайсар Баржақсынов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир