Алматыдағы ротвейлер шабуылы: Марқұм сәбидің анасы мән-жайды айтып берді

02.04.2019 22:22

Верониканың сөзінше, қызы туыла салысымен олар екі итті баға бастаған

nur.kz


Ротвейлерлерге таланып, көз жұмған екі жасар бүлдіршіннің анасы сол күнгі жантүршігер оқиғалармен бөлісті. Оның сөзінше, қайғылы жағдай болған сәтте қыз баланың қасында ешкім болмаған, деп хабарлайды  KAZ.NUR.KZ.

Верониканың сөзінше, қызы туыла салысымен олар екі итті баға бастаған.

Жануарлардың мұндай жауыздыққа баруы мүмкін екені ата-ананың ойларына кіріп те шықпаған.

Қыздары жиі иттермен ойнаған, ротвейлер оған қарсы агрессивті қылық танытпаған. Алайда Вероника оларды ешқашан жалғыз қалдырмағандарын да мойындады.

«Олар біздің көзімізше оған ешқашан тиіспейтін. Туғанынан бірге өсті. Қызым туылғаннан кейін оларды күшік күйінде алып келген. Қайғылы жағдай болған сәтте не болғанын ешкім білмейді. Қасында ешкім болмады»,- деді ол.

Вероника енді ешқашан ит асырамайтынын айтты.

Балақайдың ата-анасы жауапқа тартыла ма, жоқ па әзірге белгісіз. Мұны сот шешетін болады.

Еске сала кетейік, Алматыда екі жасар қызды өз үйіндегі иттер талап өлтірген еді.