Бұл 2020 жылдың 4 айымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары
Биыл елімізде өндірістік жарақат салдарынан 59 адам қаза тапқан. Мұндай мәліметті Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның мәлімдеуінше, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай, Павлодар облыстарындағы тау-кен металлургиялық кешен кәсіпорындарында жарақаттану деңгейі жоғары. Осы жылдың 4 айында ғана еліміздегі түрлі кәсіпорындарда 462 адам зардап шеккен. Бұл 2020 жылдың 4 айымен салыстырғанда 11 пайызға жоғары.
«Жоғары шу және діріл жағдайында шамамен әрбір екінші жұмыс айналасындағы ауаның газдануында әрбір 3-жұмысшы жұмыс істеген. 94 мың адам, ауыр дене еңбегімен шұғылданған. Жұмыскерлердің қолайсыз еңбек жағдайлары экономикалық шығындарға алып келетіні барлығымызға мәлім. Былтыр елімізде 672 мың жұмыскер зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтіні үшін 1,41 миллион теңге соммасында түрлі өтемақы алды», – деді ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.