Әйел күйген кезде қатты қорқып қалған.
Елордалық дәрігерлер күйеуі үстіне бензин құйып, өртеп жіберген әйелдің жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Зардап шегуші бізге 6 қазан күні келіп түсті. Денесінің 75 пайызын от шалып, күйіп қалған. Өте ауыр күйік шалған, жоғары тыныс алу жолдарын термо-ингаляциялық күйік зақымдаған. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы өте ауыр», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының дәрігер-реаниматологы Татьяна Лебига.
Оның атап өтуінше, әйел күйген кезде қатты қорқып қалған.
«Ол есін біледі, естиді. Бірақ жағдайын бағамдай алмайды. Әйел үнемі опиоидты анальгетикте және өкпесі жасанды жолмен желдетіліп жатыр», - деді ол.
Бұған дейін елордада күйеуі әйелінің үстіне бензин құйып, өртеп жібергенін хабарлаған едік.