Таразда суицид жасаған 19 жастағы қыз аман қалды

28.01.2023 22:24

Оқиға 27 қаңтарда болған

Sputnik / Владислав Воднев

Таразда биік ғимаратқа шығып, суицид жасаған 19 жастағы қыз аман қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 27 қаңтарда болған. Сағат 15:50 шамасында Тараз қалалық полиция басқармасына Мөлтек ауданының бірінде құрылысы бітпеген ғимаратта қыз баланың суицид жасағаны туралы хабарлама түскен.

Ол шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

Оның суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталады.

Қазіргі уақытта "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.