Полицейлер Есіл өзеніне батып бара жатқан бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды

27.03.2019 22:27

Оқыс оқиға туралы хабар алған Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оған көмекке келген

Елордалық полицейлер Есіл өзеніне батып бара жатқан бірнеше адамның өмірін құтқарып қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қалалық Полиция департаменті таратқан ақпарат бойынша кеше кешкі сағат 18.10 шамасында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны ери бастаған мұз бетіне шығып, суға бата бастаған. Оқыс оқиға туралы хабар алған Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оған көмекке келген. Дегенмен, азаматты арқанмен тарту барысында жұқа мұз төтеншеліктерге де шыдас бермей, сынып кеткен. Салдарынан құтқарушылар да су астына кете жаздаған көрінеді. Абырой болғанда, жақында күзетте жүрген полиция лейтенанты Руслан Бүркітбаев пен аға лейтенант Дәулет Әбуов оларға көмекке келіп, барлығын аман алып қалған. Құтқарылғандарға алғашқы көмек көрсетілген. Қазір олардың өміріне еш қауіп жоқ. Полиция департаменті азаматтарға мұздың қалыңдығы жұқарғандықтан, мұз үстіне шықпау керек екенін ескертеді.  


Теги: құтқару