Қазіргі кезде жол апатының мән-жайы анықталып жатыр
Талғар ауданында бес бірдей көлік соқтығысты. Олардың ішінде полицияның арнайы патрульдік автомашинасы да бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол апаты бүгін таңғы сағат 08:30-да болған. Бес көліктің соқтығысқан сәті даладағы бейнебақылау камерасына жазылып қалды.
"Subaru Legacy-дің 24 жастағы жүргізушісі Алматы - Көкпек – Көктал тас жолының 26-шақырымында рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде Kia Cadenza маркалы патрульдік көлікке соғылды. Одан кейін инерциямен Lada Largus, Subaru Outback пен Mitsubishi Galant-ты соқты", - дейді полицейлер.
Жол апаты кезінде патрульдік көлікте болған үш полицей ғана зардап шекті. Оларды Есік қалалық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлердің көмегінен кейін барлығы үйіне жіберілді.
Қазіргі кезде полицейлер жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.