Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды

17.05.2019 22:30

Қостанай облысында 34 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Оқиға 7 мамыр күні Таран ауданының Береговое ауылында болған.

«Дүкен жанынан қинап өлтірілген 34 жастағы ер адамның денесі табылды. Жедел із кесу шаралары барысында 3 күдікті ұсталды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазіргі уақытта күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Олар кінәларын толығымен мойындады.