Оралда ер адамды пойыз қағып кетті

28.05.2022 22:30

Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды

kaztag.info

Оралда жолаушылар пойызы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

ІІМ Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Желаев-Орал өткелінің 126-шақырымында болды. Ер адам оқиға орнында сол бойда көз жұмды.

«28 мамыр күні аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚК 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі кезде қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.

Теги: Орал пойыз