Шымкентте екі жолаушылар автобусы соғысып қалды

03.06.2019 22:30

otyrar.kz

Шымкентте «Қырғы базар» аумағында екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Олардың біреуі — №32 бағыттағы автобус болса екіншісінің бағыт нөмері белгісіз.

Куәгерлердің айтуы бойынша, екі автобустың ортасында қалып қойған 47 жастағы жаяу жүргінші мен қоғамдық көлік кондукторы жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен екім азамат жабық бас жарақатын алған.